Сот оған 20 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Ал дәрігер пара алғаны және дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 6,6 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Прокуратура жалған медициналық құжатты пайдалануға қандай жағдайлардың мүмкіндік бергенін тексерді. Тексеру нәтижесінде енгізілген ұсыныс негізінде 5 лауазымды тұлға, оның ішінде 2 басшы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Медициналық ұйымдарда құжаттарды рәсімдеу, есепке алу, сақтау және беру тәртібіне бақылау күшейтілді. Құжаттарды рұқсатсыз өзгерту мүмкіндігі де жойылды.