"55 млн алды, өзіміздің қазақ жігіттері": Мақпал Жүнісова өзін жесір әйел деп басынып, алдап кеткендер туралы жанайқайын жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.8
  • 516.76
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"55 млн алды, өзіміздің қазақ жігіттері": Мақпал Жүнісова өзін жесір әйел деп басынып, алдап кеткендер туралы жанайқайын жеткізді

"55 млн алды, өзіміздің қазақ жігіттері": Мақпал Жүнісова өзін жесір әйел деп басынып, алдап кеткендер туралы жанайқайын жеткізді

Әнші Мақпал Жүнісова өзін алдап кеткендер туралы видео жүктеп, көпшілікке жан сырып ақтарды.

  • 15 Қыркүйек
  • 1
Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші жан сырын желідегі парақшасында ақтарды.

«Мынау менің ремонтымнан кейін 1 жыл да өткен жоқ, соның көрінісі. Құрылысшылардың жасап кеткені, өзіміздің қазақтың жігіттері. 55 млн ақша алды, осы үйге ремонт жасаймыз деп. 4 ай жүрді.

Төрт ай миымды шірітіп, оларға тамақ беріп, ақшасын төлеп. Киіз үйде, буткада жатты. Енді міне үйдің жан-жағының барлығы түсіп жатыр.

Білмеймін, қалай осылай жұмыс істеуге болады? Міне мына жақта түсіп жатыр. Не деген сұмдық? Еркегі жоқ, жесір әйел деп басынғаны ма? Бригадирді білемін, бірақ онымен соттасып жүруге уақытым жоқ.

Жалпы халық білсін деп көрсетіп отырмын. Сетка қою керек екен, сосын барып үстінен жабыстыру керек екен. Қалай жыламайсың енді? Әттең Зәкең жоқ, бастарын жұлып алатын еді. Масқара, жүрегімді ауыртады осындай жұмысшылар», — деді ол.