Маңғыстау халқы бір жыл бойы әкім орынбасары болып қызмет еткен Асхат Ораловпен қимай қоштасты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Желі қолданышусының бірі әкім орынбасарына арнап, жылы тілегін жазды.
«Ақ жол сізге, Асхат Раздықұлы! Сіз бұған әбден лайықсыз. Алдыңыздан ақ жол ашылып, әр қадамыңыз берекелі болсын. Тек биіктерден көрінуіңізді нәсіп етсін!
Маңғыстаудың киелі топырағы мен Пір Бекет атамыздың рухы қолдап, жолыңыз әрдайым ашық болғай!
Бірақ… Маңғыстау үшін біз сізді қимаймыз. Өйткені Маңғыстау жақсы азаматтарды бірден жібере салмайды ғой. Әуелі өзіне баурап, өсіріп, елге танытып алады.
Ақ жол, Асхат Раздықұлы! Қайда жүрсеңіз де, Маңғыстаудың ақ батасы сізбен бірге болсын!», — деп жазды ол.