Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жиында инвесторлармен өзара іс-қимылды қызығушылық таныту және перспективалы бағыттарды зерделеу кезеңінен бастап жобаларды іске қосу, кеңейту және қайта инвестициялауға бағытталған инвестициядан кейінгі сүйемелдеуге дейінгі барлық кезеңде нығайту тәсілдері қаралды.
Нәтижесінде келісу рәсімдерінен өту мерзімдерін қысқарту және жобаларды іске қосуды жеделдету, сондай-ақ оларды масштабтау және экспортқа шығару мәселелерін қатар пысықтау көзеделген.
Сонымен қатар инвесторлар мен жетекшілік ететін мемлекеттік органдарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін цифрлық құралдарға назар аударылды.
Сыртқы контурдағы белсенді инвестициялық саясат мәселелері де талқыланды.
Премьер-министрге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың инвесторлармен өзара іс-қимыл жөніндегі және жобаларды ел экономикасына қаражат салуға дейін, нысандарды пайдалануға беруге дейін жеткізу көрсеткіші бойынша жұмысын талдау нәтижелері ұсынылды.
Бірыңғай инвестициялық вертикальды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды талқылауға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров, Президенттің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қатысты.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы инвестициялық саясат тетіктерін түбегейлі жаңарту міндетін қойғанын атап өтті. Капитал үшін жаһандық бәсеке жағдайында Үкімет болжамды әрі қолайлы инвестициялық климатты қамтамасыз етуі керек. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, қолданыстағы инвестиция тарту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-қимылдың барынша нақты жоспарын дайындау тапсырылды.




