2026 жылы Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады?
Қазан айында қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтіп тұр. Ол жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне байланысты. Бұл — Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке. Ол 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған кезде пайда болды. 2022 жылдан бастап Республика күні демалыс күні болып белгіленді.
2026 жылы мереке жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан «Мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс күні келесі күнге — дүйсенбі, 26 қазанға ауыстырылады. Нәтижесінде бес күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтарды ұзақ демалыс — 24-26 қазан аралығы күтіп тұр.
Еліміздің аптасына алты күн жұмыс істейтін тұрғындары қатарынан үш күн демала алмайды. Сенбі, 24 қазан, олар үшін жұмыс күні болып қалады.
Демалыс күндері:
25 қазан, жексенбі — Республика күні;
26 қазан, дүйсенбі — демалыс күнінің ауыстырылуына байланысты демалыс.
2026 жылғы қазан айының күнтізбесі. Фото: depositphotos.com. Иллюстрация: Tengrinews.kz / Жандарбек Манарбеков
Мерекеге орай Қазақстан бойынша концерттер, көрмелер, фестивальдер, жәрмеңкелер мен спорттық іс-шаралар өтеді. Ал күзгі ұзақ демалыс отбасымен бірге қыдырып, тынығып қайтуға тамаша мүмкіндік болады.
Қазанда қанша демалыс және жұмыс күні болады?
2026 жылдың қазанында бес күндік жұмыс аптасында барлығы 10 демалыс және 21 жұмыс күні болады.
Ал алты күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтар қазан айында 26 күн жұмыс істеп, бес күн демалады.
Қазан айында қандай даталар атап өтіледі?
Республика күнінен бөлек, қазан айында Қазақстанда бірқатар кәсіби және айтулы даталар тойланады:
1 қазан — Жоғары білім беру қызметкерлері күні, сондай-ақ Халықаралық қарттар күні;
2 қазан — Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;
5 қазан — Мұғалімдер күні;
6 қазан — Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;
10 қазан — Қазақстан кәсіподақтары күні;
14 қазан — Стандарттау қызметкерлері күні;
16 қазан — Нан күні;
18 қазан (қазанның үшінші жексенбісі) — Орман шаруашылығы қызметкері күні;
19 қазан — Құтқарушылар күні;
20 қазан — Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлері күні;
25 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) — Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күні, Автомобиль көлігі күні, Автожол саласы күні;
29 қазан — Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні және Қазақстан кәсіпкерлері күні.