"Тістелеп жүріп жеткіздім, Алладан бақ сұрадым": Әнші Зарина Омарованың анасы желіде жан сырын ақтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.88
  • 513.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тістелеп жүріп жеткіздім, Алладан бақ сұрадым": Әнші Зарина Омарованың анасы желіде жан сырын ақтарды

"Тістелеп жүріп жеткіздім, Алладан бақ сұрадым": Әнші Зарина Омарованың анасы желіде жан сырын ақтарды

Әнші Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова желіде әкесін құттықтап, көптің назарына ілікті.

  • 17 Қыркүйек
  • 1
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Алайда, көпшілік оның әкесімен бірге, анасының да еңбегін елеп өткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Зарина Омарова желідегі парақшасында әкесіне арнап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

«Ұлттық арнадағы «Мың бір түн» бағдарламасының ұжымына ерекше алғысымды білдіремін.

Эфирде бәрі сондай шынайы болды… Сағыныш та, қуаныш та, жүректен шыққан әңгімелер де қатар өріліп, ерекше әсерлі кешке айналды. Осындай әдемі эмоциялар мен естелік сыйлағандарыңыз үшін алғысым шексіз!», — деп жазды ол.

Алайда көпшілікті жазбаның өзі емес, оның астындағы пікір алаңдатқан. Онда әншінің анасы қызын өсіргенде қандай қиындықтарға тап болғанын жазған.

Айта кетейік, Зарина Омарова әнші Марат Омаров пен оның бірінші әйелінің қызы. Зарина Омарова көп жағдайда әкесі мен анасының жас күніндегі қызықтары мен жылыт естеліктерін көпшілікпен бөлісіп жүреді.