«Айтқан сөзінде тұрды»: Қырғыз дикторы Құрылтай депутаты сыйлаған көлікті көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.58
  • 510.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Айтқан сөзінде тұрды»: Қырғыз дикторы Құрылтай депутаты сыйлаған көлікті көрсетті

«Айтқан сөзінде тұрды»: Қырғыз дикторы Құрылтай депутаты сыйлаған көлікті көрсетті

Қырғыз дикторына Құрылтай депутаты су жаңа көлік сыйлады.

  • 18 Қыркүйек
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасын ерекше ықыласпен таныстырған қырғыз дикторы Айзада Жамгырчиеваға «Көкпар» қауымдастығының президенті, Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров су жаңа көлік сыйлады.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ халқына алғысын білдіріп, күтпеген сыйлыққа қуанышын жеткізді.

«Қазақ бауырларымызға ризашылығымды білдіремін. Шынымды айтсам, мұндай сыйлық күткен емеспін. Су жаңа автокөлік, бірінші иесімін. “Changan” деген көлік, маған қатты ұнады. Бұл – қазақ елінің қырғыз қызына жасаған сыйы деп білемін.

Екі елдің ортасындағы достық бекемдей берсін. Алатаудың күнгейі – қырғыз елінікі, теріскейі – қазақ елінікі. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Барлық қолдау үшін қырғыз еліне рақмет, күтпеген жерден осындай сый нәсіп еткен Аллаға шексіз мақтаулар болсын. Айтқан сөзінде тұрғаны үшін қазақ бауырларымызға көп рақмет», – деді Айзада Жамгырчиева.

Желі қолданушылары да қос ел арасындағы сыйластыққа жылы лебіздерін білдіріп, екі елдің достығы мен татулығы жарасымды екенін жазып жатыр.

“Қазақ пен қырғыздың достығы мәңгі болсын”, “Бізге ұрысқан емес, сыйласқан жарасады. Қарындасым, осы көлік сыйластықтың көпірі болсын”, “Қазақ бауырлар жомарт екен, рақмет”, “Қырғыздың бетке ұстар қызы, құтты болсын”, — деп жазды олар.