“Кешірім бер деп сұрамаңыздар”: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.85
  • 513.46
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Кешірім бер деп сұрамаңыздар”: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі мәлімдеме жасады

“Кешірім бер деп сұрамаңыздар”: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі мәлімдеме жасады

Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі Фариза Алмасқызы әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған пікірлерге жауап берді.

  • 23 Қыркүйек
  • 132
Фото: Видеодан скрин. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Фариза Алмасқызы Instagram Stories-те кейінгі уақытта бұл іске қатысты негатив пікірлердің көбейіп кеткенін айтып, жағдайдан шаршағанын жеткізді.

«Мына негативтің бітетін түрі жоқ. Сот біткеннен кейін барлығы тынышталатын шығар десем, керісінше ушығып жатқан сияқты. Оқырмандарым неше түрлі жазбалар жіберіп жатыр. Әркім әртүрлі қылып салған. Біреуі “Нұрсұлтанды қорғап, ақтап шығамын” дейді. Оның адвокаттары да “Осының барлығын Фариза әдейі жасаған шығар” деп жатыр екен.

Шынымды айтсам, барлығынан шаршадым. Мен халықтан көмек сұрап, әділдікті талап етіп, намысымды қорғаған қызбын. Оның әке-шешесіне де, Нұрсұлтанның өзіне де ешқашан тіл тигізіп, жеке басына тиісіп, ауыр сөздер айтпағанмын.

Өзі екі жыл бойы қоймағаннан кейін заңға жүгініп, өзімді қорғамасқа амалым қалмаған. Енді өзі әділетті түрде жазасын алу керек. Кешірім бер деп сұрамаңыздар», – деді ол.

Фариза Алмасқызы кейінгі жазбасында да бұл мәселеге қатысты ұстанымын ашық білдірді. Ол шыдамының да шегі бар екенін айтып, кешірім сұрау туралы өтініштерге нақты жауап берді.

Instagram-нан скриншот

Instagram-нан скриншот
Instagram-нан скриншот

Еске сала кетейік, блогер әрі актер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелі туралы жазбалары үшін 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Нұрсұлтан Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша, яғни онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған.

Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 50-бабы үшінші бөлігіне сәйкес, Нұрсұлтан Жақсыгенге бес жыл бойы журналистік, блогерлік және белгісіз адамдар тобына ақпарат таратумен байланысты өзге де жария ақпараттық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Сондай-ақ сот одан жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын өтемақысы ретінде 5 миллион теңге өндірді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.