"Мінезі де, рухы да мықты қыз": Азиададағы рекорд жаңартып, күміс алған қазақ қызы туралы тың дерек тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.77
  • € 502.38
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мінезі де, рухы да мықты қыз": Азиададағы рекорд жаңартып, күміс алған қазақ қызы туралы тың дерек тарады

"Мінезі де, рухы да мықты қыз": Азиададағы рекорд жаңартып, күміс алған қазақ қызы туралы тың дерек тарады

Танымал спорт журналисі Ақырыс Сейтқазы 400 метрге кедергілер арқылы жүгірген Аделина Земстің жеңісін тарихи жеңіс деп атады.

  • 29 Қыркүйек
  • 1
Фото: olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ақырыс Сейтқазы өз пікірін желідегі парақшасында білдірді.

«Жанын салып жүгірді. Ясминаның алтынын тартып алып, Нұрбек өзбектен тағы жеңіліп, оның үстіне Алматыда жер сілкініп, бүгіндікке бір еңсеміз көтерілмей қойып еді. Нұрғисаның (ауыр атлетика) әлем рекордын жаңарта алмай, алтыннан қағылғаны тағы бар…

Бірақ Аделина Земстың күмісі жігерлендіріп тастады. Иә, алтын емес, күміс. Бірақ қандай күміс?! 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден мәреге екінші болып келді. Алдағы қарсыластарын басып озды.

Жарайсың, Аделина! Бұл жүлдеге лайықсың! Мінезі де, рухы да мықты қыз!», — деп жазды ол.