Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Еуроодаққа импортталатын мұнайдың шамамен 13%-ын және уран жеткізілімінің 20%-ын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары аясындағы Handelsblatt басылымындағы мақаласында жарияланды.
«Біз қолданыстағы көлік мүмкіндіктері аясында осы рөлді (энергия ресурстарын тұрақты жеткізуші ретінде) атқаруды жалғастыра береміз», — деп толықтырды президент.
Тоқаев сонымен қатар Қазақстан Еуропа үшін стратегиялық маңызы бар 34 шикізат түрінің 21-ін, соның ішінде литий, кремний, кобальт және вольфрамды өндіретінін айтты.
«Біз Германияға шикізатты сенімді түрде жеткізудіғана емес, сондай-ақ геологиялық барлау мен өндіруден бастап өңдеу, құрамдас бөліктерді шығару және қайта өңдеуге дейінгі кезеңдерді қамтитын бірлескен өндірістік тізбектерді қалыптастыруды ұсынамыз», — деді президент.
Сондай-ақ Тоқаев Қытайдан Еуропаға бағытталған құрлықтағы жүк транзитінің шамамен 85%-ы Қазақстан арқылы өтетінін (бұл 2025 жылы шамамен 40 млн тоннаны құрайды) мәлімдеді.
Президент 2026 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы тасымалдау көлемі 22%-ға, ал Азиядан Еуропаға бағытталған транзит 55%-ға артқанын айтты.