Қазақстандық бапкер Үндістанда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді: СІМ не дейді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.77
  • € 502.38
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық бапкер Үндістанда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді: СІМ не дейді

Қазақстандық бапкер Үндістанда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді: СІМ не дейді

Қазақстандық дипломаттар Үндістанда кәмелетке толмаған спортшы қызды зорлады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматына консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. 

  • 29 Қыркүйек
  • 17
Фото - Жасанды интеллект

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұған дейін Times of India басылымы Үндістанда 34 жастағы қазақстандық велоспорт жаттықтырушысына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Полицияның мәліметінше, оқиға 13 қыркүйекте Патиала қаласындағы Ұлттық спорт шеберлігі орталығында өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде болған.

СІМ Қазақстан тарапының жағдайдан хабардар екенін растады.

«Министрлік Үндістандағы Қазақстан Республикасының азаматына қатысты жағдайдан хабардар. Қазақстандық дипломаттар аталған азаматтың туыстарымен байланыста. Оған консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. Министрлік бұл мәселені бақылауында ұстап отыр», – деп хабарлады ведомство.

Бапкердің Қазақстан құрамасына қатысы жоқ

28 қыркүйекте Қазақстанның Велоспорт федерациясы Мақсат Аязбаевтың ұлттық құрамаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Федерацияның мәліметінше, ол кейінгі жылдары Үндістан тарапымен жасалған келісімшарт бойынша кәсіби қызмет атқарып, Үндістанның ұлттық велоспорт құрамасын дайындаған. Сондай-ақ, федерация тергеу аяқталып, істің барлық мән-жайы анықталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

Оқиғаның мән-жайы

Үндістан полициясының мәліметінше, күдікті Мақсат Аязбаев Үндістан құрамасының велоспорт жаттықтырушысы болған. Болжамды қылмыс 13 қыркүйекте Патиаладағы Ұлттық спорт шеберлігі орталығында тіркелген. Сол жерде кәмелетке толмаған велошабандоз оқу-жаттығу жиынына қатысқан.

16 жастағы спортшының арызынан кейін 18 қыркүйекте полиция балаларды сексуалдық қылмыстардан қорғау туралы POCSO заңы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Патиала полициясының айтуынша, арыз түскеннен кейін қазақстандық жаттықтырушының жүрген жерін анықтау мүмкін болмаған.

Полиция оның төлқұжатын тәркілеп, бапкерді іздеу үшін екі жедел топ құрған. Қазір оның қайда екені белгісіз. Үндістанның Велоспорт федерациясы тергеу аяқталғанға дейін маманның қызметін уақытша тоқтатқан.