Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.37
  • € 498.6
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаевтың 21 қарашада жапониялық Кёдзи Хоригучимен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды.

  • 30 Қыркүйек
  • 256
Фото: www.instagram.com/asu_zulfikar57

Бұл туралы UFC баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Алмабаев қазіргі таңда жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде бесінші орында тұр. Ал Хоригучи сегізінші сатыда. Жапониялық спортшы бұған дейін Rizin және Bellator ұйымдарының чемпионы атанған.

Асу Алмабаев кейінгі жекпе-жегін 27 маусымда Бакуде өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта жеңген еді. Бұл қазақстандық спортшының UFC-дегі қатарынан үшінші, ал сегіз жекпе-жектегі жетінші жеңісі болды.

Ал Хоригучи 20 маусымда өткен кейінгі кездесуінде Манел Капемен жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген.

Алмабаев пен Хоригучи арасындағы жекпе-жек Катарда өтетін UFC Fight Night турнирінің кардында ұйымдастырылады.