Израильге бет алған ресейлік пен украиналық ұшқыштар төбелесіп қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 439.37
  • € 498.6
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израильге бет алған ресейлік пен украиналық ұшқыштар төбелесіп қалған

Израильге бет алған ресейлік пен украиналық ұшқыштар төбелесіп қалған

Дубайдан Тель-Авивке ұшып шыққан FlyDubai әуе компаниясының ұшағы басып алу дабылы берілгеннен кейін Сауд Арабиясының Табук қаласына шұғыл қонды.

  • 30 Қыркүйек
  • 5
Фото - Caravan.kz

Израильдің Channel 12 телеарнасының мәліметінше, бортта Ресей және Украинадан шыққан ұшқыштар арасында жанжал болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ұшақтың басып алынуы мүмкін деген дабылдан кейін Израиль әуеге жойғыш ұшақтарын көтерді. Кейін израильдік БАҚ дабылға экипаж кабинасында болған төбелес себеп болуы мүмкін екенін хабарлады.

Жолаушылардың бірі Channel 12 телеарнасына бортта алдымен айқай естігенін, кейін ұшқыштар кабинасының есігі ашық тұрғанын және оның ішінен қан көргенін айтты. Оның сөзінше, ұшақтағы бір адам ұшқыштардың біріне жиналмалы пышақпен соққы жасаған. Жолаушылар мен экипаждың басқа мүшелері шабуыл жасаған адамды залалсыздандыруға көмектескен.

Mash арнасының мәліметінше, ұшақ қонғаннан кейін ұшқыштарды борттан шығарып, жергілікті билік өкілдеріне тапсырған. Арна сонымен қатар жолаушылардың сөздеріне сілтеме жасап, ұшқыштардың біріне пышақ жарақатына байланысты алғашқы медициналық көмек көрсетілгенін хабарлады.

Оқиғаның толық мән-жайы әзірге анықталып жатыр.