ХХІ «Жас қанат-2012» байқауының «алтынын» ақтөбелік Димаш Құдайберген иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХХІ «Жас қанат-2012» байқауының «алтынын» ақтөбелік Димаш Құдайберген иеленді

ХХІ «Жас қанат-2012» байқауының «алтынын» ақтөбелік Димаш Құдайберген иеленді

Астана қаласында өткен жас әншілердің «Жас қанат-2012» XXI республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ұйымдастырушылардың баспасөз қызметінен.

  • 21 Мамыр 2012
  • 907
Фото - Caravan.kz

«Жас қанат-2012» жас орындаушылар байқауы мамырдың 18-20 күндері өтті. Алтын қанатты Ақтөбе қаласынан Димаш Құдайберген иеленсе, күміс жүлдені астаналық Гүлнар Дамаева, қола жүлдені Курчатов қаласынан Күлайым Қайырбаева жеңіп алды.

Байқауда халықтың батыр қызы Әлия Молдағұлова бейнесінде шыққан қарағандылық қатысушы Гүлсім Мырзабекова төртінші орыннан көрінсе, Қызылорда қаласының атынан шыққан Ақмаржан Байназарова бесінші болды.

Байқаудың ұйымдастырушылары мен демеушілері финалға немесе жартылай финалға дейін жетпеген қатысушыларды да сыйлықтардан құр қалдырмады. Көбі танымал телевизиялық арналарда және радио стансыларда әндерін жаздыруға сертификаттар алды, басқаларына ақшалай жүлделер мен кәдесыйлар табысталды.

Қазылар алқасының төрағасы Төлеген Мұхамеджанов: «Барлығыңыз да жеңіске жеттіңіз, өйткені сіздерді бүкіл ел көріп, еститін болады және сіздер барлық қазақстандықтардың жүректеріне мейірімділік пен махаббаттың шуағын жеткіздіңіздер!», — деді.

Перейти к новостям спорта