Қазір вокал өнерінде практика мен теория екі бағытта дамып келе жатыр - Толқын Забирова - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазір вокал өнерінде практика мен теория екі бағытта дамып келе жатыр - Толқын Забирова

Қазір вокал өнерінде практика мен теория екі бағытта дамып келе жатыр - Толқын Забирова

Вокалды педагогикада қазір жауабы табылмаған сұрақтар өте көп. Бұл туралы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының профессоры Толқын Забирова бүгін Алматыда «Ұлттық

  • 23 Мамыр 2012
  • 556
Фото - Caravan.kz

вокалдық мектепті құру: жаңа парадигмаларды іздеу» деп аталатын монографиялық зерттеуінің тұсаукесері барысында айтты.

«Қазір вокаль өнерінде ғылым жағынан көптеген сұрақтар қордаланып қалды. Қолданыстағы парадигма оның бәріне жауап бере алмай отыр. Практиктер әншілер бір жолда, теорияшылар екінші жолда бір-біріне қосылмай, әрқайсысы өзінше дамуда. Дауысты психологиялық эмоцияналды құрамнан бөлуге болмайды. Бұл кітапта оны бірдей көріп, психолоиялық физикалық үдеріс ретінде дауысқа жаңаша қарап, жаңа парадигма туралы өз пікірімді білдіріп отырмын. Оның өзіндік құпиялары бар. Сондықтан ескі парадигманы өзгерту керек», — дейді өнертану ғылымының кандидаты Т. Забирова. Толқын Қалиқызының айтуынша, қазақтың халық әндерін орындап жүрген әншілердің арасында оның мәнін де, сөзін де дұрыс ұғынбайтындар көп. Қазақ тілінің фонетикалық ерекшелігіне жас әншілерді оқу орнына келген кезде жаттығулармен және әдістемемен арнайы оқыту керек.

Перейти к новостям спорта