«Үш күнге жалғасатын фестиваль демалып жатқандар мен туристер үшін ұмытылмастай болады»,- деп атап өтті өткен аптада ауданда болып, мерекеге дайындық барысын талқылаған Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын.
Ретро-фестивальдің ашылуында көрермендер аңызға айналған қазақстандық ансамбль «Дос-Мұқасанның» әндерін тыңдайды.
Келесі күні танымал кинорежиссер Шәкен Аймановқа арналған «Шәкен жұлдыздары» мерекесі өтеді. Оған шетелдік және ұлттық кино жұлдыздары шақырылды, қазақтың көрнекті әртісі Асанәлі Әшімовтың келуі күтілуде.
Жасыбай жағалауындағы үшінші күннің кеші де ерекше көңілді болады — қазақ тілінде «Көңілді және тапқырлар клубының» ойындары өтеді.