Жетігенде ойналған алғашқы күйтабақ жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетігенде ойналған алғашқы күйтабақ жарық көрді

Жетігенде ойналған алғашқы күйтабақ жарық көрді

Жетігенші Қорлан Картенбаеваның күйтабағы жарық көрді. Бұл музыка өнерінде қазақтың жетіген аспабымен шығарылған тұңғыш күйтабақ болмақ.

  • 1 Маусым 2012
  • 627
Фото - Caravan.kz

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші-сазгер, жетігенші Қорлан Картенбаеваның «Толқын легі» деп аталатын алғашқы күйтабағының тұсаукесері Алматыда 4 маусымда болады. Оған профессор Нұргүл Жақыпбек, әнші әрі продюсер Нұрлан Албан, белгілі музыкант Еділ Құсайынов, әнші-сазгер Ринат Гайсин қатысады. ҚР Тұңғыш Президенті қорының концерттік залында өтетін бұл шара кезінде Қорлан «Балқадиша», «Бұлғын сусар», «Бір бала» сияқты халық әндері мен күйлерін орындап, өнерсүйер қауымды өз шығармашылығымен таныстыратын болады.

Қорлан Картенбаева 2011 жылдың 26 мамырында Алматы қаласында «Сырлы сазды жетіген» деген тақырыппен тұңғыш есеп беру кешін өткізген еді. Алматы қаласында дүниеге келген ол Ахмет Жұбанов атындағы мамандандырылған музыка мектеп-интернатында музыкалық білім алды. Онда қобыз класын үздік бітірген соң, 2003-2008 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы бойынша шеберлігін шыңдаған әнші 2011 жылы өнертану магистрі дәрежесін иеленді. Фортепиано, домбыра, сазсырнай, прима-қобыз, жетіген аспаптарын жетік меңгерген өнерпаз кәсіби еңбек жолын 2004 жылы Алмалы ауданының балалар шығармашылық үйінен бастаған болатын. Одан кейін 2004-2005 жылдары «Отырар сазы» этно-фольклорлық оркестрінде, 2005-2006 жылдары «Әлқисса» және 2006-2008 жылдары «Сазген сазы» ансамбльдерінде өнер көрсетті. Ал 2008 жылдан бері «Тұран» этно-фольклорлық ансамбльдерінің мүшесі. Республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, өнерімен жұртты сүйсіндірген ол қазір ұстаздық қызметпен де айналысады. Атап айтқанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория қабырғасында ашылған эксперименталды мектепте, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде, Күләш Бәйсейітова атындағы музыка мектеп-интернатында жас өнерпаздарға жетіген аспабынан дәріс береді.

Перейти к новостям спорта