Астанада «Таң Шолпан» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында республикалық би байқауы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Таң Шолпан» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында республикалық би байқауы өтуде

Астанада «Таң Шолпан» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында республикалық би байқауы өтуде

Астанада 2012 жылдың 1-3 маусым күндері «Болашақ бүгіннен басталады!» республикалық науқанының аясында «Таң Шолпан» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында республикалық би байқауы өтуде.

  • 1 Маусым 2012
  • 531
Фото - Caravan.kz

Бұл байқау 2006 жылы басталып, дарынды балаларды іздеуге, оларды өнер әлеміне қатыстыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға септігін тигізетін тамаша дәстүрге айналды.

Байқаудың негізгі мақсаттары — жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп отырған неғұрлым қабілетті және кәсіби перспективалы балаларды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу, қалың жұртшылықтың мұндай балалардың шығармашылығының дамуы мәселесіне назарын аударту.

Байқауға қатысушылар құрамына Қазақстан Республикасы мәдениетінің еңбегі сіңген қайраткерлері, танымал бишілер, Президент мәдениет орталығының, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының өкілдері, халықаралық байқаулардың көп дүркін жүлдегерлері мен лауреаттары кірген әділ қазылар алқасының назарына үш би композициясын ұсынады.

«Таң Шолпан» байқауына қатысу балаларға өздерінің қабілеттерін сезінуге мүмкіндік беріп, оларды өз таланттарын одан әрі жетілдіруге және белсенді шығармашылық қызметке көздетеді.

Байқау жеңімпаздарын дипломдар мен бағалы сыйлықтар күтуде.

Перейти к новостям спорта