Игі істің басында «АБЫРОЙ» қазақ мәдениеті мен тілін дамыту корпоративтік қоры тұр.
Осы ерекше жобаның арқасында Алаштың аяулы ақыны өз даусымен оқып, «Алтын қорда» сақталып келген таспаның көшірмесі тұңғыш рет жырсүйер қауымға жол тартты. Сонымен қатар, Мұқағали жырларын танымал театр тарландарының оқуында тыңдауға болады. Ақынның өнегелі өмірін сипаттайтын сан түрлі суреттерін де көруге мүмкіндік бар. Электронды кітап заман талабына сай әзірленген. «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қорының демеушілігімен қолға алынған «Жыр-ғұмыр» жобасы оқырман қауымды бір қуантып тастары сөзсіз. Оның үстіне электронды кітаптың 100 данасы Мұқағали Мақатаевтың халықаралық қорына тегін тарту етілмек.
Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің жоғын түгендеп, барын паш ету мақсатында құрылған «Абырой» қоры келешекте де осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра түседі. Тұсаукесер рәсіміне ақын ұрпақтары, халықаралық «Мұқағали Мақатаев» қорының өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысады. Шара соңында Мұқағали Мақатаевтың электронды кітабы сыйлыққа беріліп, кофе-брейк ұйымдастырылады.
Қосымша ақпаратты «АБЫРОЙ» қазақ мәдениеті мен тілін дамыту корпоративтік қорының www.abyroi.kz веб-сайтынан қарауға болады.