Оны ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Францияның мәдениет және коммуникация министрлігінің, Ұлттық мұражайлар бірлестігі мен Елисей алаңы үлкен сарайы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Францияның бұрынғы Мәдениет және коммуникация министрі Фредерика Митерранның бастамасымен және ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаеваның қолдауымен өтетін бұл шара, Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени алмасу аясында жүзеге асуда.
Онда қала тұрғындары мен қонақтары Франция елінің 400 жылдық мәдениеті мен өнерінің інжу-маржандарынан 400 туындыны тамашалай алады. Олар Франция ұлттық кітапханасы, Лувр, ДОрсе мұражайы, Версаль, Қазіргі заманғы ұлттық мұражайы — Помпида орталығы мен Париждегі өзге де бірқатар мұражайлардан және Монпельедегі Фабр, Дижонадағы өнер мұражайы, Экс-Ан-Провансадағы Гране мұражайы сынды түрлі өнер ордаларынан әкелінбек.