«Шәкен жұлдыздары-2012» Х Халықаралық кинофестивалінің жүлдегерлері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шәкен жұлдыздары-2012» Х Халықаралық кинофестивалінің жүлдегерлері анықталды

«Шәкен жұлдыздары-2012» Х Халықаралық кинофестивалінің жүлдегерлері анықталды

Алматыда «Шәкен жұлдыздары-2012» Х Халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті.

  • 7 Маусым 2012
  • 707
Фото - Caravan.kz

Кинофестивальға әлемнің әр түкпірінен киноөнерінің саңлақтары мен сыншылары, жас таланттар жиналды.

Қазылар алқасының шешімімен кинофестивальдің жүлдегерлері мыналар болды:

«Мен бостандықтамын» картинасы, сценарий авторы әрі режиссері — Андреа Рогтон (Германия).

«Мэр-құда», сценарий авторы әрі режиссері — Эрика Хныкова (Словакия, Чехия).

«Дебют» (көркемсурет) аталымы — «П ұрпағы», режиссері — Виктор Гинзбург (Ресей). «Дебют» (деректі) — «Бақыт. Арманды жер», сценарий авторы әрі режиссері — Лорен Хассе (Франция).

«Жастар киносы» (көркемсурет) аталымы — «Бос үй», режиссері — Нұрбек Эген (Қырғызстан). «Риэлтор», сценарий авторы әрі режиссері — Әділхан Ержанов (Қазақстан). «Жастар киносы» (деректі) — «Көктем» фильмі, режиссері — Мохаммед али Хашемзехи (Иран).

«Анимация» аталымы — «Су астындағы жылжымалы үй» картинасы, режиссері — Веринока самарцева (Германия).

«Шәкен жұлдыздары — 2012» Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесі: «Ұлы махаббат» картинасы, режиссері — Раджихан Чахар (Түркия).

«Қазақфильм» АҚ-ның арнайы жүлдесі: «Теңіз қасқырлары» фильмі, режиссері — Алмас Бектібаев (Қазақстан).

Қазақстан Кинематографистері одағының арнайы жүлдесі: «1937» фильмі сценарий авторы әрі режиссері — Светазор Головев (Ресей).

Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының арнайы жүлдесі: «Бөгде» (анимациялық кино), сценарий авторы әрі режиссері — Тілек Төлеуғазы (Қазақстан).

Перейти к новостям спорта