Т.Бекмамбетовтың соңғы туындысы «Астана» кинофестивалінде көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Т.Бекмамбетовтың соңғы туындысы «Астана» кинофестивалінде көрсетіледі

Т.Бекмамбетовтың соңғы туындысы «Астана» кинофестивалінде көрсетіледі

1-3 шілде күндері елордада өтетін экшн-фильмдердің «Астана» атты III Халықаралық кинофестивалі белгілі режиссер Т.Бекмамбетовтың соңғы туындысы - «Президент Линкольн: вампирлер аңшысы» фильмімен ашылады.

  • 7 Маусым 2012
  • 359
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында «Астана» халықаралық кинофестивалі бас директорының орынбасары Светлана Фиссен хабарлады.

Оның айтуынша, бұл фильмнің премьерасы Қазақстанда алғаш рет өтеді. Одан кейін ол халықаралық прокатқа түсетін болады. «Сондай-ақ француз режисеері Жюльен Леклерктің «Шабуыл» фильмінің гала-премьерасы ұйымдастырылады. Ал кинофестивальдің жабылу рәсімінде «Жаңа өрмекші адам» фильмі көрсетіледі. Ол да гала-премьера», — дейді С.Фиссен.

Жалпы, «Астана» кинофестивалі барысында 16 фильмнің көрсетілімі өтпек. Арнайы бөлім аясында «Өрмекші адам — 4», «Батыр жүрек» және «Қара киімділер-3» фильмдері қазақ тілінде көрсетіледі. Барлық кинотуындыларды «Азия парк» пен «Хан шатыр» ойын-сауық кешендерінде тамашалауға болады.

Айта кетейік, Бекмамбетовтың «Президент Линкольн: вампирлер аңшысы» картинасының әлемдік премьерасы 21 маусым күні өтеді.

Перейти к новостям спорта