Фестивальға 80-нен астам өнер ұжымы қатысты. Құрылғанына небәрі 5 жылдан асқан «Балаусаның» биігі тек бұл емес. Хореограф Ақмарал Бекетаеваның жетекшілігімен балғын бишілер былтыр Астанада өткен «Ақ көгершін» V халықаралық байқауында 1-орынды иеленген еді.
Алматы сахнасына олар «Дала гүлдері», «Бәрекелді» атты қазақ билерімен шықты.