«Астана» кинофестивалі: қысқаметражды фильмдер байқауының финалына шыққандар! - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» кинофестивалі: қысқаметражды фильмдер байқауының финалына шыққандар!

«Астана» кинофестивалі: қысқаметражды фильмдер байқауының финалына шыққандар!

Бүгін «Астана» халықаралық кинофестивалінің әкімшілігі биыл аталған шара аясында алғаш рет ұйымдастырылып отырған қысқа метражды фильмдер байқауының финалына жолдама алған жас режиссерлердің аттарын жария етті.

  • 7 Маусым 2012
  • 561
Фото - Caravan.kz

Қазақстаннан бұл тізімге Сұлтан Рачузанов («Қозғал» фильмі), Бақытбек Адуов («Уақыттан кеткен қателік» фильмі), Зарина Мұхамедәлі («Таяқ» фильмі), Нұрмұхаммед Оразбеков («Құрбандар» фильмі), Азамат Баймұратов («Су оғы» фильмі) және Роман Затан («Жол» фильмі) ілікті. Сондай-ақ қысқа метражды фильмдер байқауының финалына Украина, Испания, Үндістан және АҚШ-тың жас режиссерлері жолдама алды.

Жеңімпаз 1-3 шілде күндері аралығында өтетін «Астана» кинофестивалі кезінде анықталады. Ал барлық фильмдерді 2 шілде күні «Азия парк» ойын-сауық кешеніндегі «Арман» кинозалында түнгі сағат 12:00-03:00 аралығында көруге болады.

Перейти к новостям спорта