шығармашылығындағы «Даланың күйші Динасы» пьесасы сахналанып, қалың көрерменге ұсынылмақ. Қоюшы режиссері — Нұрлан Жұманиязов. Бұл туралы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының баспасөз қызметі хабарлайды.
Шығарма — халық композиторы Дина Нұрпейісованың өмірі мен өнеріне арналған. Өнердің бабын тапқан атақты күйшілер, ұлы күйші Құрманғазы мен жасөспірім Дина арасындағы алғашқы таныстық, шығармашылық достықтары туралы жазылған пьесада күй құдіреті, өнер туындысының өмірге келу сәті, өнер адамының жан-дүниесі, күй тудырудағы күйзеліс пен шығарма шыққандағы шабыт пен бақыттың буырқана астасқан асқақ сезімдер суреттеледі.
Құрманғазыдай ағасының артынан еріп, өнер қуалау Динадай қазақ қызына қиын соқса да, күй құдіреті қолдап, қасиетті қара домбырамен өмірін өрнектеуі мен өнегелі ғұмырын көрерменге жеткізу қойылымның басты мақсаты.
«Даланың күйші Динасы» спектаклінде Құрманғазы бейнесін — ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Мейрам Қайсанов, Динаны — Айнұр Жетпісбаева сомдайды.