Оны Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай бүгін Алматыдағы Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде айтты.
«Жаңадан салынатын опера және балет театрының биіктігі 35 метр. Онда 2550 орындық концерт залы болады. Қазір Орталық Азияда ондай театр жоқ», — дейді Д. Мыңбай. Министрдің айтуынша, елордада сондай-ақ, 62 мың шаршы метрлік ұлттық музей салынып жатыр. Онда 14 мың шаршы метрге бір мезгілде экспозиция жасап қайтадан жинап алуға болады. Бұл нысандардың құрылысы ағымдағы жылы аяқталмақ.