Астанада ерекше дарын иесі Табыл Досымовты еске алуға арналған «Гитарадан төгілген жыр» атты әдеби кеш өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ерекше дарын иесі Табыл Досымовты еске алуға арналған «Гитарадан төгілген жыр» атты әдеби кеш өтеді

Астанада ерекше дарын иесі Табыл Досымовты еске алуға арналған «Гитарадан төгілген жыр» атты әдеби кеш өтеді

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ерекше дарын иесі, бард ақын Табыл Досымовты еске алуға арналған «Гитарадан төгілген жыр» атты әдеби кеш өтеді.

  • 12 Маусым 2012
  • 704
Фото - Caravan.kz

Бағдарламаға сәйкес Табыл Досымов туралы түсірілген деректі фильмнің таныстырылымы болады. «Табылтануға талпыныс» атты бөлімде зерттеуші-ғалым, әдебиетші, қаламгерлер қазақтың тұңғыш бард ақынының шығармашылығын талдап, зерттелуі туралы ой толғайды. Сондай-ақ, кеште естеліктер айтылып, Табылдың әндері орындалады.

Өнер иесін еске алу кешіне Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Ғарифолла Есім, Мереке Құлкенов, Таласбек Әсемқұлов және басқа қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде.

Бұл шараны елордалық ақын-жазушылар мен журналистер ұйымдастырып отыр.

(Басталуы: сағ. 16:00)

Перейти к новостям спорта