Астана сахнасында жас таланттардың «Ән жүрегім - Астана» байқауы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана сахнасында жас таланттардың «Ән жүрегім - Астана» байқауы өтеді

Астана сахнасында жас таланттардың «Ән жүрегім - Астана» байқауы өтеді

Астананың 14 жылдығын мерекелеу күндері «Ән жүрегім - Астана» республикалық ән байқауына қатысу үшін Қазақстанның барлық аймағынан талантты жастар келеді.

  • 13 Маусым 2012
  • 599
Фото - Caravan.kz

Байқау қатысушыларының өнерін қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының төрайымы Нұржамал Үсенбаеваның айтуынша, осы байқаудан соң қатысушыларға кәсіби өсуге жол ашылады.

Аталмыш байқау жыл сайын өткізіліп келеді. Оған Қазақстанның әр аймағынан 18-30 жас аралығындағы таланттар қатыса алады. Қатысушыларға қойылатын басты талап — авторлық ән және Астанаға арналған туынды орындалуы тиіс. Сұранымдар 15 маусымға дейін қабылданады. Қатысушыларды тыңдау 25 маусымда өтеді. Байқау жеңімпаздары 2012 жылы 4 шілдеде Конресс-Холл сарайында өтетін Гала-концертте өнер көрсетеді.

«Ән жүрегім — Астана!» — бұл тек жас таланттарға жолдама боларлық байқау ғана емес, Астана күніне музыкалық тарту боларлық ерекше оқиға.

Перейти к новостям спорта