«Мұндай ірі мәдени шараны өткізудегі мақсат, қазақстандық музыканттардың орындаушылық шеберлігінің деңгейін көрсету, шақырылған елдермен арада мәдени салада ынтымақтастық орнату», делінген сәрсенбіде таралған хабарламада.
Съезд жұмысына промоутерлік компаниялардың, дыбыс жазушы фирмалардың өкілдері , продюсерлер, музыкалық басылымдардың шолушылары қатысады деп күтілуде.
Бұл «дарындылар жәрмеңкесі» іспетті шара болмақ, оған форум қонақтары әлеуетті сатып алушылар ретінде қатысады. Қатысушыларды іріктеу шілде айында басталады, конкурс шарттары радио, телевизия және баспасөз арқылы хабарланады, делінген онда.