Астанада шетелдік өнер жұлдыздарының концертіне арналған билеттер сатылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада шетелдік өнер жұлдыздарының концертіне арналған билеттер сатылуда

Астанада шетелдік өнер жұлдыздарының концертіне арналған билеттер сатылуда

12 маусымнан бастап Астананың 14 жылдығын мерекелеу аясында өтетін Сергей Маковецкийдің шығармашылық концерті мен қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың би кешіне арналған билеттер сатылымға түсті,

  • 13 Маусым 2012
  • 505
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды astanaday.kz сайты.

Ресей халық әртісі Сергей Маковецкийдің шығармашылық кеші 6 шілде сағат 18.30-да Конгресс-Холл сарайында өтеді. Астанаға әртіс алғаш рет келгелі отыр. Маковецкийдің шығармашылық кеші Қазақстан астанасы тұрғындарына тамаша тарту болары сөзсіз. Баршаға оның «12», «72 метра», «Жмурки» және өзге де фильмдердегі рөлдері белгілі. Бұл шығармашылық кездесу жас әртістер үшін шеберлік -сағаты, ал әртістің табынушылары үшін сырлы кеш болары анық.

Дәл осы күні, 6 шілде сағат 19.00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының концерті өтеді. Бұл күні астаналықтарды қазақстандық, ресейлік және шет елдер эстрада жұлдыздары құттықтайды. Олар: Ерболат, Metiss, Мақпал Исабекова, «Орда», Нюша, Тимати, GeeGun, Иван Дорн, «Серебро», Dan Balan, Kelly Rowland.

Билеттерді «Қазақстан» орталық концерт залында, «Керуен» сауда орталығында, «Азия парк» және «Мега», «Жастар» сарайы, Конгресс-Холл, сондай-ақ «Меломан» дүкендер желісі мен Астана халықаралық әуежайының кассаларынан алуға болады. Сонымен қатар, билеттерді www.biletiastana.kz, www.zakazbiletov.kz, www.meloman.kz. сайттарынан тапсырыс беру арқылы алуға болады.

Астана күні мерекесі аясында өтетін шараларға билет құны 500 теңгеден басталады.

Перейти к новостям спорта