Қазақстан тумасының матадан жасалған туындысы Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан тумасының матадан жасалған туындысы Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылды

Қазақстан тумасының матадан жасалған туындысы Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылды

Қазақстанның тумасы, Өзбекстанның суретшісі Леким Ибрагимовтың «Мың періште мен бір бейне» атты матадан жасалған туындысы Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылды.

  • 18 Маусым 2012
  • 573
Фото - Caravan.kz

«Мың бір түннің» ертегісі бұл жобаны құруға серпін берді. Матадан жасалған туынды жеке-жеке 1000 аяқталмаған суреттерден тұрады, олардың әрқайсысында періште бейнеленген. Бұл ұсақ әрі жеке-жеке салынған мың сурет 528 шаршы метр аумақтағы бір суретті құрайды, бейне танымал шығыс ертегілерінің желісі бойынша жасалған.

«Global Festina» халықаралық агенттігі — бас ұйымдастырушылардың өкілі Ұлықбек Касымқожаев хабарлағандай, мега картина слынған жүк көлігі Өзбекстаннан Чехияға бағыт алды. Алдымен бұл мега-сурет Прагада, 9-21 шілде аралығында өтетін Incheba Expo көрмесінде, кейін Мадридтегі ашық алаңда көрсетілетін болады. Ұйымдастырушылар аталмыш туындыны Флоренцияда да көрсетеміз деп жоспарлап отыр.

Гиннестің рекордтар кітабының комитеті «Мың періште мен бір бейне» жобасының ұйымдастырушылары Леким Ибрагимнің мега-суретін аталмыш басылымға енгізу жөніндегі өтінішін қарауда. Ұйымдастырушылардың пікіріне қарағанда, әлемдік танымал суретшінің жобасы бірегей және бейненің идеясына, оны іске асыруға байланысты бірқатар көрсеткіштер бойынша рекордты болып табылады. Алдымен қазіргі заманғы көркемсурет өнерінде метаморфоздың алғашқы рет қолданылғанын ескеру қажет. Сол жеке-жеке ұсақ суреттерді қосқанда бір бейненің пайда болатындығын, атқарылған жұмыстың үлкен көлемі жайлы айта кеткен жөн. Әрине, ең бастысы «Мың періште мен бір бейне» суретінің құндылығы, беретін әсері туралы идеяны назарда ұстағанымыз жөн. Осылардың барлығын ескере отырып, «1000 бөлшектен тұратын ең үлкен сурет» тұжырымдамасы бойынша «Өнер» бөліміне өтініш берілді, деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Автор туралы: Леким Ибрагимов 1944 жылы Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Кіші Декхан ауылында дүниеге келген. Алматының көркемөнер мектебінде оқыған. Суретші профессор, Ресей суретшілер академиясының құрметті мүшесі, Өзбекстан Республикасы суретшілер академиясының академигі, Әлемдік суретшілер сьезінің делегаты (Париж, 1998 ж.), Өзбекстанның халық суретшісі болып табылады.

Перейти к новостям спорта