Астанада Қазақстан мен ОАР-дың балғын суретшілері Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Мандела туралы көрмені ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан мен ОАР-дың балғын суретшілері Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Мандела туралы көрмені ұсынды

Астанада Қазақстан мен ОАР-дың балғын суретшілері Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Мандела туралы көрмені ұсынды

Астанада «Құланшы» өнер орталығында Нобельдік бейбітшілік сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның халықаралық күніне орай Қазақстан мен Оңтүстік Африка республикасы жас суретшілерінің көрмесі ашылды.

  • 19 Маусым 2012
  • 499
Фото - Caravan.kz

Экспозицияда бейбітшілік пен адам құқықтарын ту еткен оңтүстікафрикалық саясаткердің құрметіне арналған 70 жұмыс қойылды. Күрескер Мандела өз ғұмырының 67 жылын бейбітшілік пен адамгершілік ісіне арнаған. Ол ОАР-дың демократиялық жолмен сайланған алғашқы президенті, халықаралық деңгейдегі бітімгер, адам құқықтарының қорғаушысы, халқының қамқоршысы ретінде дүниежүзіне танымал. 27 жыл түрмеге тоғытылған Мандела, бостандыққа қол жеткізгеннен соң ел басқаруында халықтың мұң-мұқтажын өз мойнына алып, мемлекеттің ырысын кеңейтті. 2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ассамблеясы оның бейбітшілік пен бостандық ісіне қосқан үлесі үшін 18 шілдені Халықаралық Н. Мандела күні деп белгіледі. Себебі 1918 жылы дәл осы күні ұлы күрескердің өзі дүниеге келген болатын.

«Құланшы» орталығының директоры Лейла Махаттың айтуынша, осы күні қайырымдылықпен айналысып, жүдеу тартқан немесе көмекке зәру жақыныңа қамқорлық жасау, Жерде бейбітшіліктің гүлденуіне 67 минут арнау дәстүрі қалыптасқан.

«Қазіргі заман өнері орталығы ретінде біз атап өтпек болған 67 минут бірнеше сағатқа созылып кетті. Біз балалармен бірге Нельсон Мандела мен Оңтүстік Африка еліне арналған суреттер салып, осынау көрмені ұйымдастырдық. Ол бірнеше сағаттарға ұласты», — дейді Л. Махат.

Оның айтуынша, көрмеде ұсынылған туындылар ЮНЕСКО көркемсурет мектебі, «Хэлли Бери» өнер мектебі мен ОАР балаларының қылқаламынан шыққан.

«Оңтүстік Африка республикасының жеткіншектері өз суреттерінде Қазақстан туралы көзқарастарын беруге тырысты. Ал біздің қазақстандық балалар сәйкесінше қара құрлық жайында өз ойларын өрнектеді», — деп атап көрсетті ол.

Көркемсурет көрмесінің тұсауын Н. Манделаның серігі, ОАР-дың саяси қайраткері Ахмед Катрада ашты. Ол кезінде Манделамен бірге 26 жыл бойы түрмеде отырды. Тар қапаста уақытын құр жібермей, 4 жоғары білім алды. Кейін оның саяси кеңесшісі болды. Ол Манделаға тағылған айып бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. 1989 жылы А. Катрада елдегі жаңа басшылық — Африканың ұлттық конгресінің мүшесі болды және ОАР коммунистік партиясында қызмет атқарды. 1994 жылы алғашқы демократиялық сайлауда парламент депутаттығына сайланды және Н. Манделаның саяси кеңесшісі болып тағайындалды. 1991 жылы парламенттік қызметін аяқтады.

Перейти к новостям спорта