«Батыл жүрек»: шотландтық серілер көшпенділедің тілінде сөйлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Батыл жүрек»: шотландтық серілер көшпенділедің тілінде сөйлейді

«Батыл жүрек»: шотландтық серілер көшпенділедің тілінде сөйлейді

20 маусым күні сағат 15:40-та Астанадағы «Арсенал» ССО-да Walt Disney студиясының «Brave» анимациялық фильмінің «Батыл жүрек» атты қазақ тілді нұсқасының алдын ала қайырымдылық көрсетілімі өткізіледі.

  • 19 Маусым 2012
  • 575
Фото - Caravan.kz

«Батыл жүрек» — «Көліктер 2» фильмінен кейінгі отандық кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетілетін екінші мультфильм.

Алдын ала көрсетілімге «Болашақ» Қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек, «MARWIN» компаниясының бас директоры Вадим Голенко, халықаралық «Алтын Қыран» қайырымдылық қорының Президенті Исламбек Салжанов, қазақ дубляжінің режиссері Айжан Жәмшитова, дубляж актерлері Іңкәр Әбдіраш (Мерида ханшайым) пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбай (король Фергус) қатысады. Іс-шараға, сонымен қатар, Астана қаласы мен Ақмола облысының балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Мультфильм премьерасы қазақ және орыс тілдерінде еліміздің барлық аймақтарының кинотеатрларында 2012 жылдың 21 маусымы күні өткізіледі.

Жоба ұйымдастырушылары: «Болашақ» Қауымдастығы, «MARWIN» компаниясы және «Алтын Қыран» қайырымдылық қоры. Ұйымдастырушылар үшін «Батыл жүрек» фильмі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру бағытындағы үшінші жоба болды.

Перейти к новостям спорта