Астанадағы Қорқыт ата фестиваліне 5 елдің дәстүрлі музыка орындаушылары қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы Қорқыт ата фестиваліне 5 елдің дәстүрлі музыка орындаушылары қатысуда

Астанадағы Қорқыт ата фестиваліне 5 елдің дәстүрлі музыка орындаушылары қатысуда

Бүгін Астанада Қазақ ұлттық университетінде «Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында Қорқыт ата атындағы өнер фестивалі ашылды.

  • 19 Маусым 2012
  • 474
Фото - Caravan.kz

Оған 60-тан астам дәстүрлі музыканың отандық және шетел орындаушылары қатысуда. Қатысушылардың жасына қойылатын талап бойынша фестивальде тек 30 жасқа дейінгі жас өнерпаздар бақтарын сынайтын болады. Шара ұйымдастырушылары қобыз, үрмелі және ішекті аспаптарда үздік орындаушыларды анықтамақ. Астанаға байқауға қатысу үшін Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Қарақалпақстан елдерінен жас орындаушылар келіп отыр.

«Қобыз» аталымында қазылар алқасының төрағасы Әлқуат Қазақбаевтың айтуынша, Қорқыт ата фестивалі Астанада тұңғыш рет өткізілуде. Жобаның бір ерекшелігі мұнда тек қазақ ұлттық күйлері орындалады. Басты талап — Қорқыт ата күйлерінің бірін фортепианоның сүйемелдеуі бойынша орындап шығу.

«Дәстүрлі музыканың орындаушылары бұл оқиғаны көптен бері күтті. Бұрындары Қорқыт ата фестивалі басқа қалаларда, негізінен өзге өңірлерде өткізіліп келген. Келесі жылы аталмыш фестивальді Туркияда ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», — дейді ҚР Президенті сыйлығының иегері Ә. Қазақбаев.

Оның атап өткеніндей, фестивальдің жүлде қоры 11 млн. теңгені құрады. Лауреаттарды марапаттау және фестивальдің қорытынды гала-концерті Қазақ ұлттық өнер университеті орналасқан «Шабыт» ғимаратында 21 маусым күні өтпек.

Шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Түркия елшілігінің «Юнус Эмре» орталығы ұйымдастыруда.

Перейти к новостям спорта