Алматыда қыркүйек айында "Евразия" кинофестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қыркүйек айында "Евразия" кинофестивалі өтеді

Алматыда қыркүйек айында "Евразия" кинофестивалі өтеді

Алматыда 17-22 қыркүйек аралығында «Евразия» халықаралық кинофестивалі өтеді, деп фестивальдің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Маусым 2012
  • 592
Фото - Caravan.kz

«Биыл сегізінші рет өткелі отырған «Евразия» халықаралық кинофестиваліне Орталық Азия, ТМД, Еуропалық одақ және Азия елдерінің фильмдері шақырылады», — делінген баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында.

Кинофестиваль бағдарламасы қысқа метражды ойын фильмдер халықаралық конкурсын, орталық-азиялық панорама, «Серпінді қазақ киносы» бағдарламасын, «Батыс-Шығыс кинокөпірі: Грекия мен Түркия кинематографиясы, «Берлин кинофестивалінің жаңғырығы», «Пусан кинофестивалінің жаңғырын» қамтиды.

Шара аясында еуропалық және азиялық елдердің продюсерлері мен кино прокаттаушылары арасындағы байланысты дамыту мақсатында қосымша өнімді дамыту мен жаңа фильмдерді ілгерілету үшін бизнес алаң құру тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» отырыстары өтеді.
«Евразия — FIAPF (Кинопродюсерлер қауымдастықтарының халықаралық федерациясы) регламентіне сәйкес жұмыс істейтін жалғыз қазақстандық кинофестиваль.

Перейти к новостям спорта