Астанада аңызға айналған Қорқыт атаның мұрагерлерін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада аңызға айналған Қорқыт атаның мұрагерлерін анықтады

Астанада аңызға айналған Қорқыт атаның мұрагерлерін анықтады

Астанада Қорқыт ата атындағы халықаралық өнер фестивалі аяқталды.

  • 22 Маусым 2012
  • 617
Фото - Caravan.kz

Қорқыт ата атындағы фестиваль — «Астана — түрік әлемінің 2012 жылғы мәдени елордасы» жылының аясында өткізіліп отырған ең маңызды шаралардың бірі.

Фестиваль үш аталым бойынша өтті: қобыз, үрмелі және ішекті аспаптар. Үздік атанған халық орындаушыларын қазылар алқасы Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қарақалпақ елінен келген 60 қатысушының ішінен таңдап алды.

30 жас орындаушы бұл байқаудың жүлдегерлері болды. Байқаудың бас жүлдесін Қазақ ұлттық өнер университетінің бірінші курс студенті, Қорқыт атаның жерлесі, қызылордалық Тоқтар Ағыраев жеңіп алды.

«Мұнда күшті қарсыластар болды. Әрқайсысы құрмет пен жеңіске лайықты. Бірақ мен Қорқыт ата орындаған дала музыкасын ерекше сезінемін. Оның маған жақын болғаны жеңіске жетуіме көмектескен болар», — деп атап өтті ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Т.Ағыраев.

Әрбір аталымдағы жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтан басқа олардың фестивальдағы өнер көрсетуі жазылған компакт диск берілді.

Перейти к новостям спорта