«Қазақтың 1000 күйі» музыкалар жинағының таныстырылымы ғаламат концертпен аталып өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақтың 1000 күйі» музыкалар жинағының таныстырылымы ғаламат концертпен аталып өтпек

«Қазақтың 1000 күйі» музыкалар жинағының таныстырылымы ғаламат концертпен аталып өтпек

Астана әкімдігі «Қазақтың 1000 күйі» музыкалар жинағын басып шығарды.

  • 22 Маусым 2012
  • 954
Фото - Caravan.kz

Бүгін елордада жинақтың жарық көруіне арналған баспасөз мәслихатында Астана қалалық Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов атап көрсеткендей, партитура жинағы 500 данамен шығып отыр. Аталмыш дүние Қазақстанның колледждеріне, университтеріне және өнер ұжымдарына таратылып қана қоймай, шетел оркестрлеріне де берілетін болады.

«Ауқымды жұмыстар жасалды. Жинақты жасап шығаруға 30-дан астам дыбыс әрлеуші қатысты», — дейді ол.

Мәдениет басқармасы бастығының сөзіне қарағанда, келешекте музыкалар жинағының тағы 9 томын шығару жоспарлануда. Ертең Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында аталмыш жинақтың таныстырылымы өтеді. Онда бірмезгілде 350 адам қазақтың күйлерін орындайтын болады.

«Бүл концертті бұрын-соңды болмаған бірегей деп атауға әбден болады. Концертте күй ең алдымен домбырада төлтума нұсқада орындалса, кейін оны эстрадалық-симфониялық оркестр жалғастырады. Өнеріміздің тарихында мұндай оқиға әлі болған емес», — деп атап өтті Б. Мажағұлов.

«Қазақтың 1000 күйі» партитурасына қобыз, домбыра, сыбызғы аспаптарының 100-ге тарта күйлерінің ноталары еніп отыр. Жинақ құрастырушысы, Ұлттық өнер университетінің оқытушысы Айтжан Тоқтағановтың айтуынша, бұл жұмысты әлі де қарқындата түсіру керек.

«Мың күйдің ішінен 100 күйді таспаға жаздық, халық аспаптар, эстрадалық, симфониялық оркестрлерге, басқа да ансамбль ұжымдарына лайықтап түсірдік, енді халық арасында насихаттау керек», — дейді ол.

«Күйлерді нотаға түсіру қажет. Осы мың күй әуелі төлтума домбырада, сыбызғыда, қобызға түсіріліп, тағы бір шығарылса. Өйткені қазір дискіде кейбір ғана күйлердің ноталық жазбасы бар. Көптеген күйлер жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Егер болашақта оркестрлерге таратамыз десек, төлтума нұсқасындағы ноталары том-том болып, Батыс, Арқа, Жетісу, Қаратау, Сыр өңірлері деп шығарсақ, бұл жұмыстың құны одан да арта түсер еді», — деп түйіндеді А. Тоқтағанов.

Перейти к новостям спорта