Оралда белгілі мемлекет қайраткері С.Меңдешевті еске алуға арналған көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда белгілі мемлекет қайраткері С.Меңдешевті еске алуға арналған көрме ашылды

Оралда белгілі мемлекет қайраткері С.Меңдешевті еске алуға арналған көрме ашылды

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы саналатын Жәңгір хан атындағы та­рихи-этнографиялық му­зе­йін­де мемлекет және қоғам қайраткері Сейітқали Меңдешевтің (1882-1937) туғанына 130 жыл толуына орай «Алаштың асыл азаматы» атты көрме ашылды.

  • 25 Маусым 2012
  • 599
Фото - Caravan.kz

Облыстық мұражайдан Айсұлу Нысанованың хабарлағанындай, көрмеге облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы мұрағат құжаттарының көшірмелері мен фотосуреттер қойылды. Олардың ішінде Сейітқали Меңдешевтің жә­не от­­­­ба­­сының бұрын еш жерде жа­рия­лан­­баған фотосуреттері бар. Сонымен бірге қайраткердің өмірі мен қызметін зерттеген ғалым, тарихшы Мұста­фа Ысмағұловтың қолжазбалары да көрерменге ұсынылды.

Нарын құмында дүниеге келген Сейітқали Меңдешев Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін 13 жыл мұғалім болды. 1911 жылы «Қа­зақстан» газетін, 1919 жылы «Мұ­ғалім» журналын шығаруға қа­тыс­қан, кеңес үкіметінің алғашқы жыл­дары РСФСР Кеңхалкомы жанын­дағы ВКР-ның Қыр­ғыз (Қазақ) өлкесін басқару ісінің мү­шесі мен оның төрағасының орынбасары болды. Қазақстан орталық атқару комитетінің тұңғыш төрағасы (1920-1925). Алматы мен Мәскеуде жоғары лауазымды қызметтер атқар­ды. 1937 жылы «халық жауы» жала­сы­мен тұтқындалып, атылды.

Перейти к новостям спорта