«Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Германияға барып, өнер көрсетіп қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Германияға барып, өнер көрсетіп қайтты

«Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Германияға барып, өнер көрсетіп қайтты

Қазақстан Республикасының Германиядағы елшілігінің шақыруымен және БҚО әкімінің қолдауымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі аталмыш елге барып, өнер көрсетіп қайтты.

  • 3 Шiлде 2012
  • 631
Фото - Caravan.kz

Өнер сапары екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарының орнауына 20 жыл толуына орайластырылды. Белгілі композитор, дирижер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов жетекшілік ететін «Орал сазы» ансамблі жиырма жылдан астам уақыт бойы жоғары кәсіби деңгейде халық өнерін насихаттап, халықаралық фестивальдерге де қатысты.

Бұл жолы ансамбль филармония солистері Қанатқали Қожақов, Жаңылсын Хасанова, Еркін Өтегеновтермен бірге Германиядағы Қазақстан елшілігінде, Магдебург қаласында концерттер қойды. Концерт барысында күйлермен, халық әндерімен қатар осы заманғы туындылар да жоғары деңгейде орындалды. Әсіресе, еуропалық көрермендер қазақ ұлт аспаптарының өзіндік үніне тәнті болды.

Перейти к новостям спорта