Төтенше жағдай қызметінің ақпаратынша, қатты нөсерлер жылғаның жағасын шайып кетті, суға бірнеше ағаш құлады және соның салдарынан Безымянный жылғасы арнасынан шығып, жақын тұрғын екі үйді су астында қалдырды.
Қазіргі кезде оқиға орнында жағдайды зерттеп, алдағы қадамдар мен келтірілген шығынды анықтап жатқан арнайы комиссия жұмыс істеуде. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.