Ақтөбе облысының тыныс-тіршілігімен танысып жүрген мәжілісмендер татар халқының «Сабантой» мерекесіне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының тыныс-тіршілігімен танысып жүрген мәжілісмендер татар халқының «Сабантой» мерекесіне қатысты

Ақтөбе облысының тыныс-тіршілігімен танысып жүрген мәжілісмендер татар халқының «Сабантой» мерекесіне қатысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Ізбақ Өмірзақов, Құралай Қаракен, Глеб Щегельский және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Зухра Саяпова мен Надежда Нестерова Ақтөбе облысы, Алға ауданының тұрғындарымен кездесті.

  • 16 Шiлде 2012
  • 689
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесулерін Есет батыр мемориалдық кешеніне тағзым етуден бастаған депутаттар балалардың аудандық жазғы демалыс лагеріндегі Алға балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға түрлі-түсті теледидарды сыйға тартты. Сонымен қатар парламентшілер «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС және «АКТЕП» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесті. «АКТЕП» ЖШС қосымша құрылтайшысы Н.Сағыналин Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болып кіруі кезінде, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін шаруашылық жүргізуші субъектілерге қандай үстемдіктер және олардың проблемалық мәселелерін шешуде қандай көмек болатындығы туралы сөз қозғап, тілек білдірді.

Ал 14-15 шілде күндері Мәжіліс депутаттары І.Өмірзақов, Қ.Қаракен, Г.Щегельский, З.Саяпова мен Н.Нестерова «Сабантой» мерекесі аясында Ақтөбе облысының әкімі А.Мұхамбетов пен Татарстан Республикасының Премьер-Министрі И.Халықовтың Қазақстандағы татар-башқұрт этномәдени орталықтарының өкілдерімен кездесуі өтті. Бұл күні ақтөбелік тұрғындар бұқаралық ұлттық спорттық ойындар, ұлттық тағамдар көрмесі, «Капитан Бриг» ойын-сауық кешенінің ашылуы, «Достық әуендері» атты Татарстан, Башқұртстан және Қазақстанның барлық өңірлерінен келген қонақтардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

Республикалық Сабантой мерекесінің Ақтөбе қаласында өткізілуі осы шараға қатысып отырған елдер мен өңірлер арасындағы экономикалық, мәдени және іскерлік байланыс пен әріптестікке жаңа серпін берді.

Перейти к новостям спорта