Алматыда «Қазан революциясы күрескерлеріне арналған» ескерткіштің орнына Райымбек батырдың мүсіні қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Қазан революциясы күрескерлеріне арналған» ескерткіштің орнына Райымбек батырдың мүсіні қойылады

Алматыда «Қазан революциясы күрескерлеріне арналған» ескерткіштің орнына Райымбек батырдың мүсіні қойылады

Алматыда биыл «Қазан революциясы күрескерлеріне арналған» ескерткішінің орнына Райымбек батырға ескерткіш қойылады.

  • 17 Шiлде 2012
  • 631
Фото - Caravan.kz

Қалалық мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұра, музей-кітапхана бөлімінің бастығы Ләззат Сағындықованың айтуынша, қазіргі кезде шаһарда 146 нысан тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін алып, мемлекеттің қорғауына алынған. Басқармада «Тарихи-мәдени мұра» бөлімі «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2006 жылы құрылған болатын.

«Қазіргі таңда Мәдениет басқармасы тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін ретке келтіріп, ескерткіштерді есепке алу, төлқұжаттандыру бойынша жұмыстарды толығымен аяқтады. Енді ескерткіштердің меншік иелері және пайдаланушыларымен «ескерткіштерді қорғау міндеттемесін» рәсімдеу және ескерткіштерге қорғау тақтайшасын ілу жұмыстары аяқталу үстінде. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұра нысандарының қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары анықталып, оны жергілікті өкілді органның бекітуіне ұсынылады. Олар Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған нысандардың орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-сызбасына енгізілетін болады», — дейді Л. Құдайбергенқызы.

Оның айтуынша, биыл Алатау ауданына қарасты 430 гектар жерді қам­­­тып жатқан Боралдай сақ қор­ған­дары орналасқан аймақта үлкен этномә­дениет орталығы мен туристік инфра­­­құ­­рылым қа­лыптастыру жос­парланып отыр. Сондай-ақ республикалық маңызы бар ескерткіштер — 28 гвардияшы-панфилов­шы­лар сая­­­­­бағындағы Даңқ мемориалы мен Ы.Дү­кен­ұлы атын­­дағы ха­­лық аспаптар мұражайы қай­та жөндеуден өтеді. Бұған дейін Д.Қонаевтың, Ә.Қастеевтің, Ә.Марғұланның мүсіндік өнер ескерткіштерінде жөндеу жұмыстары жүгізілді.

Перейти к новостям спорта