Фестивальдің Қазақстандағы ресми өкілі Асхат Үскембаевтың айтуынша, қатысушыларының саны жағынан биыл рекордтық көрсеткіш тіркелген. Бұл шараға 34 мыңнан астам жұмыспен 87 елден 12 мыңнан астам делегат қатысқан. Олардың 15-і — қазақстандықтар. Оған TBWA CA&C жарнама агенттігі 18 жұмысын ұсынған.
Ал алдағы бұл фестивальда «Қазақстанның жас арыстаны» ұлттық байқауының жеңімпазы ел намысын қорғайтын болады. «Биылғы «Кан арыстандарына» ұсынылған 34 301 жұмыстың 1 028-і жүлделі болды. Әзірге оның ішінде Қазақстаннан бірде -бір жұмыс жоқ», — дейді А. Үскембаев.