Зерттеушілер музыка сүйер қауымға «мұздықтар әуенін» ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зерттеушілер музыка сүйер қауымға «мұздықтар әуенін» ұсынады

Зерттеушілер музыка сүйер қауымға «мұздықтар әуенін» ұсынады

Тұйық су мұздықтарының әуендері енді жаңа өнер туындыларын жасауға пайдаланылмақ.

  • 26 Шiлде 2012
  • 572
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда «Музыка әуендері» жобасы аясындағы экспедиция қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

«Шілденің 21-25 күндері «Мұздықтар әуені» жобасы аясында Тұйық су мұздықтарында болып, сезімталдық деңгейі жоғары жазу құралдары арқылы ондағы дыбыстарды жазып алдық. География институтымен серіктесіп жүзеге асырылған бұл жобаны Гёте институты ұйымдастырды. Онда деректі фильмдер түсіруші швейцариялық әйгілі Кристиан Фрай дыбысты жазу барысын және таулар мен мұздықтарды бейнетаспаға түсірді. Оның режиссерлік және операторлық жұмыстарын енді таяуарада немістің ZDF және Kulturzeit телеарналарынан көруге болады», — дейді «Гёте институты Қазақстан» директоры Барбара Фрэнкель-Тонет.

Оның айтуынша, бұл экспедиция кезінде Францияның Arte радиосы Еуропаның бүкіл тыңдармандары үшін Тянь-Шань тауларының дыбысын жазып алған. Енді Орталық Азияның өнер қайраткерлері осы дыбыстарды қолдана отырып әуендер жазып, басқа да өнер туындыларын жасауы үшін оларға тамыз айында өтетін фестивальде көрсетпек. Сондай-ақ сентябрьден бастап Қазақстан, Қырғызстан., Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде, ал келесі жылы Еуропа мемлекеттерінде арнайы концерттер өтеді деп жоспарлануда.

Перейти к новостям спорта