Олимпиадаға қатысушы спортшыларды дәріптейтін мүшайра өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиадаға қатысушы спортшыларды дәріптейтін мүшайра өтеді

Олимпиадаға қатысушы спортшыларды дәріптейтін мүшайра өтеді

Төрт жылда бір келетін әлемдік дода - жазғы Олимпиада ойындары биыл Лондонда жалауын көтерді.

  • 27 Шiлде 2012
  • 1262
Фото - Caravan.kz

Байрақты бәсекеге қазақ елінің атынан 115 спортшы жол тартты, олар спорттың 25 түрінен ел намысын қорғайтын болады.

Қазақтың атын аспандатар алып ойын алаңында батырлар сынға түссе, қара сөздің қаймағын қалқыған ақындар да аянып қалмасы анық. Руханият әлеміне өзіндік үлесін қосып келе жатқан massagan.com ұлттық веб-порталы мен «Алтын қазына» қоғамдық бірлестігі алаштың арманын арқалап ағылшын жеріне аттанған спортшыларымыздың мерейін үстем ету, олимпиада жеңімпаздарын бұқара халыққа насихаттау мақсатында мүшәйра ұйымдастырып отыр. «ЕРДІҢ ЖЕҢІСІ — ЕЛДІҢ ЖЕҢІСІ» тақырындағы жазба ақындар мүшәйрасына қатысатын үміткерлердің жасына шектеу қойылмайды. Бұл туралы massagan.com ұлттық веб-порталы хабарлайды.

Мүшәйраға әр ақын үш өлеңмен қатыса алады.
1. Тәуелсіздік жылдарында қазақ елінің атағын аспандатқан спортшыларға немесе Лондон олимпиадасына қатысушы қазақстандық спортшы(лар)ға арналған өлең.
2. Лондон олимпиадасының жеңімпазы атанған қазақстандық спортшы(лар)ға арналған өлең.
3. Еркін тақырыптағы өлең.

«Мүшәйраға жіберілген өлеңдердің көлемі 15-20 шумақтан аспауы керек. Автордың толық аты-жөні, мекен-жайы, телефоны жазылған мәлімет пен шығармасы massagan.com@gmail.com электронды мекен-жайына 2012 жылдың 13 тамызына дейін жіберілуі тиіс» делінген хабарламада.
Мүшайра қорытындысы тамыздың 15-сінде жарияланады. Қазылар алқасының төрелігімен жеңімпаздарға жүлделі орындар белгіленіп, марапатталады. Және «Ең жас ақын» номинациясы бойынша атаулы сыйлық беріледі.

Перейти к новостям спорта