Мәдениет арқылы әлемді Қазақстанмен таныстырудамыз - Өскемен әкімі Серік Тәукебаев - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет арқылы әлемді Қазақстанмен таныстырудамыз - Өскемен әкімі Серік Тәукебаев

Мәдениет арқылы әлемді Қазақстанмен таныстырудамыз - Өскемен әкімі Серік Тәукебаев

Шығыс Қазақстанның облыстық орталығында мүсіншілердің ІІІ халықаралық симпозиумы өтуде, оған 12 елден келген 20 шебер қатысуда.

  • 7 Тамыз 2012
  • 495
Фото - Caravan.kz

Олардың арасында Мысыр, Тайвань, Израиль, Украина, Ресей, Мексика, Швейцария, Испания, Америка және Бельгия сынды елдер бар, деп хабарлайды Өскеменнің баспасөз қызметінен.

«Оның басты мақсаты — бүкіл әлемнен келген шеберлердің өз жұмыстарын қалада қалдыруы. Бірақ, ең бастысы — мәдениет арқылы біз әлемді Қазақстанмен таныстырудамыз», — деді Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев.

Симпозиумның өткізілуі Лондондағы Олимпиада ойындарымен тұспа-тұс келді, олардың тікелей көрсетілімі түнгі уақытта өтуде. «Шаршағанымызға, және барлығымыз әр елден болғанымызға қарамастан, біз теледидарды қоршап, бір-бірімізбен ортақ жанкүйер боламыз», — дейді мүсіншілер.

Естеріңізге сала кетейік, байқау қорытындылары тамыз айының аяғына қарай шығарылады. Қазіргі кезде қалалық сәулет бөлімі шеберлермен бірігіп мүсіндерді орналастыру орындарын қарастыруда. Айта кетейік, олар жергілікті граниттен жасалған.

Перейти к новостям спорта