Көрмеге Хасан Минаидың 24 жұмысы, ағаш бетіне көркем ою салу шебері Мұхаммед Реза Таууабидің 22 жұмысы шығарылып отыр. Оған қоса, Ғоламхасан Амирхани, Мұхаммед Ахсаи, Кове Тимури, Сахафи сынды каллиграфия шеберлерінің 16 жұмысы бар. Оның бәрі — Ғодрес Разави ауданы мен Ұлттық мұражай қорындағы Құран жұмыстарының суреттері. Сондай-ақ көрме аясында Құран Кәрімнің әр түрлі тілдердегі 17 аудармасы мұсылман қауымның назарына ұысынылып отыр. Бұл жерде Құран және ислам ғылымдардың аудио және бейне бағдарламаларын жасауда алдыңғы қатарлы саналатын Компьютерлік зерттеу ислами ғылымдар орталығының («Нұр» бағдарламалық қамтамасыз ету) көмегімен дайындалған Құранның аудио және бейне материалдарын сатып алуға болады.
Іс-шараның ұйымдастырушылары — Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени өкілдігі, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы және «Нұр-Астана» мешіті.