«Виват, Италия!» фестивалінде Павлодар әншісі бірінші орынды жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Виват, Италия!» фестивалінде Павлодар әншісі бірінші орынды жеңіп алды

«Виват, Италия!» фестивалінде Павлодар әншісі бірінші орынды жеңіп алды

Павлодарлық Роза Мұқатаева шілде айында итальяндық Римини қаласында өткен «Виват, Италия!» жас эстрада орындаушыларының фестивалінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлады Павлодар педагогикалық институтының баспасөз қызметінен.

  • 14 Тамыз 2012
  • 587
Фото - Caravan.kz

Роза — ПМПИ-дағы музыкалық білім кафедрасының екінші курс студенті. Фестивальда оның орындауында «Карузоға арнау» итальяндық әні шырқалып, әділ қазылардың көңілінен шықты. Сол арқылы бойжеткен «Эстрадалық вокал» аталымында жеңіске жетті.

Р.Мұқатаева әншілік өнерімен Оқушылар сарайында айналыса бастаған, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы фестивальдарында ойдағыдай өнер көрсеткен болатын. Әдемі дауысы бар талантты бойжеткен музыкалық білімін педагогикалық университетте жалғастыруда. Оны музыка кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты, бұрын да опера әншісі болған Еркін Жанайхан оқытуда.

«Виват, ИталияІ» фестиваліндегі жеңіс Роза Мұқатаеваға келесі жылы Францияда өтетін эстрада орындаушыларының байқауына қатысу құқығын береді.

Перейти к новостям спорта