VIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің конкустық бағдарламасына енген 12 фильмнің екеуі қазақстандық туынды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
VIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің конкустық бағдарламасына енген 12 фильмнің екеуі қазақстандық туынды

VIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің конкустық бағдарламасына енген 12 фильмнің екеуі қазақстандық туынды

17-22 қыркүйекте Алматыда өтетін VIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің «Қарқынды дамып келе жатқан қазақ киносы» бағдарламасына енген 12 фильмнің тізімі жарияланды.

  • 16 Тамыз 2012
  • 420
Фото - Caravan.kz

Конкурстық және қазақстандық бағдарламалардағы кинотуындылардың бәрі 2011 жылдың қыркүйек айынан кейін түсірілген. Кинофестивальдің іріктеу комиссиясының мүшесі, кинотанушы Гүлнәр Әбікееваның айтуынша, конкурстық шығармалардың үшеуі Еуропадан, үшеуі Азиядан, екеуі ТМД-дан, төртеуі Орталық Азиядан. Олар — Даниядан Томас Винтербергтің «Аңшылық» (2012ж.), Франция-Польша-Германиядан Малгожата Шумовсканың «Сырыңды ашып айту» (2011ж.), Грекиядан Йоргос Гикаппеппастың «Балалар қаласы» (2011ж.), Оңтүстік Кореядан Джун Джейханның «Понсан тазысы» (2011ж.), Үндістаннан Бижудың «Аспан түсі» (2012ж.), Түркиядан Учкан Алперндің «Мәңгіліктің шегі жоқ» (2011ж.), Ресейден Алексей Мизгеревтің «Конвой» (2012ж.), Украинадан Олег Филипенконың «Графоманның тарихы» (2012ж.), Ресей-Тәжікстаннан Фарход Абдуллаевтың «Келісім презумпциясы» (2011ж.), Өзбекстаннан Аюб Шахобиддиновтың «Паризод» (2012ж.) және Қазақстаннан Дәріжан Өмірбаевтың «Студент» (2012ж.), Данияр Саламаттың «Кішкентай» (2012ж.) фильмі.

«Іріктеу 2,5 ай бойы жүргізілді. Кинофестивальға байқау бағдарламасына енген фильмдердің режиссерлары мен басты рөлдегі актерлары қатысады. Ал «Қарқынды дамып келе жатқан қазақ киносы» бағдарламасына Т.Қарсақбаевтың «Алтыбақан»(2012), Е.Сейтімовтың «Қажетті заттар факультеті» (2012), Г.Мірғалиевтің «Кәусар» (2011), Е.Рүстембековтің «Ана жүрегі» (2011), Ж. Жетіровтың «Аққыз» (2011ж), Э.Гильманның «Сүт, қаймақ, ірімшік» (2012), М.Нарымбетовтің «Қара шаңырақ» (2011(, А.Айтуаровтың «Елім-ай» (2011), Т.Теменовтің «Менің күнәлі періштем» (2011), Д.Манабайдың «Лотерея» (2012), Ә.Сүлеева мен Ә.Райбаевтың «Жеңіс қылышы»(2012), А.Алдамжаровтың «Асан»(2012) фильмі енді», — дейді Г.Әбікеева.

Перейти к новостям спорта