Еліміздің белгілі опера әншісі Бақыт Әшімова 75 жасында дүниеден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің белгілі опера әншісі Бақыт Әшімова 75 жасында дүниеден озды

Еліміздің белгілі опера әншісі Бақыт Әшімова 75 жасында дүниеден озды

Алматыда белгілі опера әншісі Бақыт Әшімова 75 жасында бақилыққа аттанды.

  • 23 Тамыз 2012
  • 776
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның музыка өнері ауыр қазаға ұшырады. 75 жасында белгілі опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі Бақыт Әшімова көз жұмды», — делінген бейсенбі күні ресми баспасөзде жарияланған некрологта.

Б.Әшімова 30 жылдан астам уақыт бойы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында өнер көрсетті. Зейнетке шыққаннан кейін де радиода, педагог-репетитор болып жұмыс істеді.